Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы
Дни приема граждан
Предварительная запись
по телефону
+7 727 271-66-23
Телефоны доверия
+7 727 271-66-23
+7 727 262-08-84
     
Байқаулар

Алматы қалаcы Құрылыс басқармасы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

1. Басқарма басшысының орынбасары, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 125 564 теңгеден 169 767 теңгеге дейін - 1 бірлік, D-О-2 санаты

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары техникалық ғылым және технологиялар саласында.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда

жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына

сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Қызметтік міндеттер: Басшының болмау уақытында өз құзырет шеңберінде басқарма жұмыстарын басқарады және ұйымдастырады және Алматы қаласы әкімінің аппараттық жиналыстарына қатысады. Басқармаға жүктелген міндеттерді және өз қызметтерін орындауына дербес жауапкершілік етеді. Тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысы бөлімінің және әлеуметтік мақсаттағы объектілер құрылысы бөлімінің қызметін жетекшілік етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Компьютермен жұмыс істей білу.

2.Жобалау бөлімінің басшысы, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 84 563 теңгеден 114 032 теңгеге дейін – 1 бірлік, D-О-3 санаты

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары техникалық ғылым және технологиялар саласында.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда

жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына

сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қызметтік міндеттер: Жобалау және Мемлекеттік сараптау қорытындысын алу үдерісін бақылайды. Бюджеттік бағдарламалардың нысандарына ЖСҚ (Жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу кезінде тапсырыс беруші және техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асырады, ЖІЖ-ның (Жобалау-іздестіру жұмыстары) құнының есептілігін сұратады және тексереді, ТЭН (Техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеуіне келісім-шартқа келісім береді. Бюджет қаражатын уақытылы игерілуіне дербес жауап береді. Мердігер ұйымдарымен шарт жасасу бойынша бөлім жұмысын ұйымдастырады. Компьютермен жұмыс істей білу.

3.Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін – 1 бірлік, D-О-4 санаты

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда құқық саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттер: Мемлекеттік сатып алу үдерісін ұйымдастыруға қатысу, мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттарын құқықтық түрде сүйемелдеу, мемлекеттік мекеме қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде мемлекеттік мекеменің мүддесін белгіленген тәртіпте соттарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда ұсыну, жауапсыз жабдықтаушыларға қатысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шараларды қабылдау, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік мекемеде құқықты жалпыға міндетті оқуды ұйымдастыру, әкімдіктің қаулы, шешім және әкімнің өкімдері жобаларын және басқа да заңды сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу, мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын құқықтық мәселелері бойынша мемлекеттік мекеменің атынан түсіндіру. Келісім міндеттерін жауапсыз орындаған ұйымдарға келісім шарттары бойынша санкциялау шараларын қолдану бойынша жұмыстары ұйымдастыру. Мемлекеттік тізбеге енгізу үшін жауапсыз жабдықтаушылар тізімін құрау. Салынған нысандарды коммуналдық меншікке тапсыруды жүзеге асырады және оған байланысты әкімнің қаулысын шығарады. Компьютермен жұмыс істей білу.

4.Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін – 1 бірлік, D-О-4 санаты, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты мерзімге 2017 жылғы 26 мамырына дейін)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттер: Қазақстан Республикасының Бюджеттік басқарма және басқа да заңнаманың сақталуына тексеруді жүзеге асыру, мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларын іске асырылуын жүзеге асыру, нәтижелерді бағалау, Басқармамен жүргізілетін есеп және есептіліктің нақтылығын және дұрыстығын бақылау, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың алдын алу және жібермеу; бақылау объектілеріне жолданатын ұсыныстардың және бақылау нәтижелердің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындауын бақылауын жүзеге асырады; бақылауды жүргізуге байланысты мәселелері бойынша бақылау объектілерінен белгіленген мерзімде қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және алады; құпия, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия режимінің сақталуын ескере отырып, бақылау іс-шараларының мәселелеріне жататын бақылау объектілерінің құжаттарымен кедергісіз таныса алады; Жүргізілген тексерулер бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдары ішкі есептілігін жүргізеді. Компьютермен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдары, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

D-O-2 және D-O-3 санаттары бойынша Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңын қосымша білу қажет.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республиксы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу құжаттары: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында anticorruption.gov.kz және Алматы қаласы Құрылыс басқармасының ресми сайтында www.cons-dep.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 120 бөлме.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде оны Алматы қаласы Құрылыс басқармасында сұхбаттасудан өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-O-2 және D-O-3 cанаттары үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

D-O-4 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Анықтама телефондары: 262-08-84, 271-66-23

Эл. мекен-жайы: k.dina.d@mail.ru

 
Қазақстан Республикасының Президенті
 

     
КГУ Управление
строительства г. Алматы
Счетчик посещений
КГУ Управление строительства г. Алматы. Все права защищены © 2012-2014