Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы
Дни приема граждан
Предварительная запись
по телефону
+7 727 271-66-23
Телефоны доверия
+7 727 271-66-23
+7 727 262-08-84
     
Бос орындар
Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру (12.06.2019)

Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған

ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-O-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

  4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  6. ғылыми дәрежесінің болуы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-O-3

305 771

398 831

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы Тұрғын үй саясаты бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде бөлім жұмысын атқарады және республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын қала құрылысының аумағын игеру, қайта жаңарту, сейсмикалық күшейту, жаңғырту, күрделі жөндеу және нысандарды, кешендерді көріктендіру жұмысын ұйымдастырады. Құрылыс-монтаждау және күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру бойынша жұмысын қадағалайды, орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырады, салынған нысандарды пайдалануға беру және коммуналдық меншікке тапсыру бойынша шығыс құжаттарды әзірлейді. Мердігерлер тарапынан жұмыс өндіріс кестесінің сақталуын қамтамасыз ету, өндіріс үдерісінің сапасыз барысының алдын алу және жою бойынша шараларды қабылдайды. Ағымдағы және перспективалық жобалау жұмыстары және бітпеген құрылыс көлемін азайту бойынша ұсыныстар дайындайды.Нақты орындалған жұмыс бойынша ф-2 тексереді және КС-3 анықтамасына қол белгі қояды. Бюджеттік қаражатты уақтылы игеруіне дербес жауапкершілік етеді. Компьютермен жұмыс істей білу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе геодозия және картография және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе ғарыш техникасы және технологиялары және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы) саласында.

2. Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы Жайлы қалалық орта бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлім жұмысының орындалуына дербес жауапты болады. Жайлы қалалық орта саласындағы қалалық бағдарламалардың, жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Абаттандыру және жасыл құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыруды бастағанда дайындық жұмыстарын және Алматы қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін үйлестіреді, іс-шараларды іске асыру барысында шарттық міндеттемелер бойынша орындалған жұмыс түрлерінің актілерін келісу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Компьютерлік сауаттылық.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе геодозия және картография және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе ғарыш техникасы және технологиялары және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы) саласында.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.


«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

____________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
_______________________________________________________________________________ ____________________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 
Қазақстан Республикасының Президенті
 

     
КГУ Управление
строительства г. Алматы
Счетчик посещений
КГУ Управление строительства г. Алматы. Все права защищены © 2012-2014