Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы
Дни приема граждан
Предварительная запись
по телефону
+7 727 271-66-23
Телефоны доверия
+7 727 271-66-23
+7 727 262-08-84
     
Жаңалықтар
 
12.06.2019
Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесін реконструкциялау басталады

Алматыда Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің учаскелерін реконструкциялауға қатысты автокөлік пен жаяу жүргіншілер үшін кейбір қозғалыс бөліктері жабылады.

Мысалы, 13 маусымда Жібек жолы бойымен Желтоқсан көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады. Көшенің солтүстік жағындағы жаяу жүргінші жолы ашық.

Достық даңғылы бойында тек жаяу жүргіншіге қатысты екі учаске ғана Құрманғазы көшесінің төменгі шығыс жағы мен Қабанбай батыр көшесі жабылады. Қоғамдық кеңістікті модернизациялау жұмыстарының барлығы қалалықтарға ыңғайлы болу үшін кезеңмен жүргізіледі. Арнайы қоршаулар мен жүргінші траптары қойылған.

«Қала адамдар үшін» концепциясы бойынша осы көшелерде энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болады. Жасылдандыру қолға алынады, ескі ағаштарды сақтай отырып, жаңа ағаштар отырғызу, суарудың автоматты жүйесін тарту жоспарланған.

Биылғы жылы қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50 пайызын қамтитын тағы 600 ауланы жөндеу жоспарланған. 140-тан астам көшеде орташа жөндеу басталды. Қаланың 14 ықшам аудандарында 456 көше салынуда. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылады.

«« | »» «  Назад  |  Все новости
Последние новости
 
Қазақстан Республикасының Президенті
 

     
КГУ Управление
строительства г. Алматы
Счетчик посещений
КГУ Управление строительства г. Алматы. Все права защищены © 2012-2014