Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы
Дни приема граждан
Предварительная запись
по телефону
+7 727 271-66-23
Телефоны доверия
+7 727 271-66-23
+7 727 262-08-84
     
Жаңалықтар
 
22.05.2019
"Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы Алатау және Түрксіб аудандарында жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бастады

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласының қолайлы қалалық орта басқармасы Алатау және Түрксіб аудандарында тұрғын үйлердің құрылысын бастады. Алатау ауданында "Алғабас - 6" шағын ауданында ағымдағы жылдың соңына дейін 23 үй салу жоспарлануда, бұл жалпы ауданы 46 458,92 м2 болатын 740 пәтер. Қазір объектіде бұрғышты қадалар орнату жұмыстары жүргізілуде. Түрксіб ауданы "Жас Қанат" шағын ауданында тағы 7 үй ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін салынатын болады. Бұл жалпы ауданы 15 292,90 м2 болатын 280 пәтер. Мердігерлік ұйымдар объектіде құрылыс-монтаж жұмыстарын (монолитті, әрлеу және инженерлік желілер) жүргізеді.

Жаңа пәтерлер бұдан әрі жергілікті атқарушы орган арқылы көп балалы отбасылар үшін, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін және жастар үшін бөлінетін болады. Барлық пәтерлер таза әрленген. Жалпы, биылғы жылы 2 млн.шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен. Сонымен қатар, қалада Елбасының бастамасымен қолға алынған "7-20-25" бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Республика бойынша банктер қабылдаған және қарайтын барлық өтінімдердің 25% - дан астамы Алматыға тиесілі.

«« | »» «  Назад  |  Все новости
Последние новости
 
Қазақстан Республикасының Президенті
 

     
КГУ Управление
строительства г. Алматы
Счетчик посещений
КГУ Управление строительства г. Алматы. Все права защищены © 2012-2014